Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Таразда блогерлердің атын жамылған қылмыстық топ құрықталды

11.04.2023ж. 20:00
971
Таразда блогерлердің атын жамылған қылмыстық топ құрықталды

Таразда блогерлердің атын жамылған қылмыстық топ құрықталды. Олар қайырымдылық қор ашып, оған ақша салуға жергілікті кәсіпкерлерді мәжбүрлеген. Ал қордағы қаражатты жастарды тәрбиелуге жұмсаймыз деп түсіндіріпті. Көнбегендерге күш қолданып, қорқытқан. Заңсыз әрекеттерін жасыру үшін әлеуметтік желіде белсенді боп көрінген. Топтың 9 мүшесі бір күнде ұсталды. Олардың үйлерін тінту барысында, қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған калашников автоматы мен бірнеше тапанша және 38 дана пышақ табылған. Одан бөлек екі келіге жуық есірткі заты тәркіленген.

Қуандық АЛПЫС, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Қылмыстық топқа қатысушыларға қатысты бопсалау, қару мен есірткіні заңсыз сақтағаны үшін 12 қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.