Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қостанайлық кәсіпкер контрафактілік өнім сатып келген

11.04.2023ж. 20:00
804
Қостанайлық кәсіпкер контрафактілік өнім сатып келген

Қостанайлық кәсіпкер жарты жылға жуық танымал компанияның контрафактілік өнімдерін сатып, олжаға кенелген. Ол гаджет, смарт-сағат және өзге де бұйымдарды Алматы жақтан әкелген көрінеді. Тексеру барысында сауда орнының жертөлесінен жалпы соммасы 3 миллион теңгенің түрлі тауары тәркіленді. Контрафактілік өнімдер өртелді.

Ринат ҚАБЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Мамандандырылған соттың қаулысымен кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Және контрафактілік өнім түгел тәркіленді.