Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Жемқорлыққа белшеден батқан орынбасары үшін аудан әкімі отставкаға кетпей, жазадан жеңіл құтылды

12.04.2023ж. 20:00
1474
Жемқорлыққа белшеден батқан орынбасары үшін аудан әкімі отставкаға кетпей, жазадан жеңіл құтылды

Солтүстік Қазақстан облысында жемқорлыққа белшеден батқан орынбасары үшін аудан әкімі отставкаға кетпей, жеңіл жаза алды.Былтыр Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Серік Құсанов жол құрылысын жеке кәсіпкерге ұсынып, одан 200 мың теңге көлемінде пара алған. Артынша оның теріс қылығын құзырлы органдар әшкерелеп, сот айыпталушыға 3 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуді міндеттеді. Алайда, прокурорлар бұл шешіммен келіспеді. Ізінше аппеляциялық сот экс-шенеунікті үш жылға бас бостандығынан айырды. Мемлекеттік қызмет жөніндегі заңға сәйкес орынбасарының жемқор екені дәлелденген соң, аудан әкімі өз орнын босатуы тиіс. Алайда, әкім-қара бұл жолы жеңіл құтылған көрінеді.

Айдос ЖҮНІСОВ, СҚО СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ҚЫЗМЕТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Заң талабына сәйкес Құсановтың жемқорлық құқықбұзушылығы үшін аудан әкімі отставкаға кету жөнінде арыз жазды. Бірақ облыс әкімі бұл арызды қабылдамады. Өңір басшысы оның атына қатаң сөгіс жариялауды жөн көрді.

Айта кетейік, бұл Мағжан Жұмабаев ауданындағы жемқорлыққа қатысты алғашқы дау емес. Аудандық білім бөлімінің басшысы бірнеше ай бұрын пара алды деп айыпталып, қамауға алынған болатын. Қазір оған қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.