Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

"Мұнайшылардың бесеуіне қатысты қатысты әкімшілік іс қозғалды", – Бас прокуратура

12.04.2023ж. 20:00
793
"Мұнайшылардың бесеуіне қатысты қатысты әкімшілік іс қозғалды", – Бас прокуратура

Маңғыстаулық мұнайшылар Астанада Энергетика министрлігі ғимараты алдында заңсыз жиналыс өткізді. Талап бойынша олар жергілікті атқарушы органдарға 5 күн бұрын хабарлама беруі қажет. Алайда мұнайшылар мұндай хабарламаны жолдамаған. Сондықтанда заңсыз жиналысқа қатысушылар ішкі істер органдарына жеткізілген. Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев бүгін Мәжілісте осылай деді.

Жандос ӨМІРӘЛИЕВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда барлық жұмысшы өңірлеріне қайтарылды. Бірақ араларында айрықша белсенділік көрсеткен 5 азаматқа қатысты тиісті әкімшілік іс қозғалып, олар сотта қаралды. Нәтижесінде оларға ескерту тәртібінде шара көрсетілді. Бірақ олар да үйлеріне қайтарылды.

"Қашанғы көзді жұмып, құлақты бітеп отыра бересіздер". Мұнайшылардың мәселен көтерген мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Үкіметке осылай деді. Ол Маңғыстаудағы жұмыссыздыққа және еңбек дауларына қатысты проблеманы шешетін уақыт жеткенін айтты.

Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Маңғыстауда жарылайын деп тұрған «жара» көп. Оларды кешенді түрде «емдеумен» айналыспаса, дау-дамай әрі қарай жалғасып, ушыға береді. Үкімет комиссиясын құру жөнінде Сізге хат та жолдадық. Оған әлі жауап бермедіңіз. Қашанғы көзді жұмып, құлақты бітеп, ауызды буып отыра бересіздер+ Кешегі дау туғызған тендерлік процедураларды жан-жақты зерттеп, егер кемшіліктер анықталса тиісті шешім қабылдамаған квазимемлекеттік мекемелердің лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі қаралсын.