Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбеде газ құбырынан ақауынан алты жүзден астам тұрғын үй газсыз қалды

12.04.2023ж. 20:00
952
Ақтөбеде газ құбырынан ақауынан алты жүзден астам тұрғын үй газсыз қалды

Ақтөбеде алты жүзден астам тұрғын үй кешеден бері көгілдір отынсыз отыр. Сондай-ақ қырықтан астам коммерциялық және өндірістік ғимаратта газ жоқ.

Зоя ҚҰТТЫБАЕВА, ТҰРҒЫН:

Қазір де жоқ. Қазір балалар сабаққа барады. Шәй, тамағын пісіре алмай, қиналамыз ғой енді біз.

Ал мамандар екі метр тереңдікте жатқан газ құбырының дәнекерленген жерінен газ шығып жатқаны анықталды дейді. Сондықтан кеше кешкі сегізде қала орталығында үш бірдей ауданда газ беру тоқталған. Қазір ақауды қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Жомарт БАТЫРБАЙ, «ҚАЗТРАНС ГАЗ АЙМАҚ» АҚ АӨФ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Плановый обход кезінде линейный обходчиктер данный газопроводты қарап жүрген барысында иіс сезген.ПП-112 концентрацасын анықтағаннан кейін авариялық қызметке звондап, біздер бригада жіберіп, жұмыстарын бастап кеттік.