Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Павлодарда бір жасар сәби шелектегі суға түсіп кетті

AstanaTV
12.04.2023ж. 21:36
1201
Павлодарда бір жасар сәби шелектегі суға түсіп кетті

Қазір ол ауруханада жатыр, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Алматы, NEGE. Павлодарлық дәрігерлер шелектегі суға батып кете жаздаған баланың өмірін сақтап қалды. Бұл туралы облыстық балалар ауруханасы мәлімдеді.

– 2022 жылы туған қызды 10 сәуір күні облыстағы аудандардың бірінен санитарлық авиациямен жеткізді, - деп нақтылады ауруханада.

Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Кішкентай қыз соматикалық бөлімде ем алуда.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың ақпан айында бір шелек суға батып кеткен бала жан тапсырған болатын.