Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Солтүстік Корея зымыран ұшырды: Жапон билігі шұғыл эвакуация жариялады

AstanaTV
13.04.2023ж. 09:35
870
Солтүстік Корея зымыран ұшырды: Жапон билігі шұғыл эвакуация жариялады

Жапония билігі Солтүстік Кореядан белгісіз зымыран ұшырылғаннан кейін Хоккайдо аралының тұрғындарын шұғыл эвакуациялау туралы ескерту жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Риа Новости сайтына сілтеме жасап.

13 сәуірде таңертең Солтүстік Кореядан белгісіз зымыран ұшырылды. Жапония билігі шұғыл эвакуация туралы ескерту жібере бастады.

"Шұғыл эвакуация. Шұғыл эвакуация. Бөлменің ішіне немесе жертөлеге шұғыл түрде жасырыныңыздар. Сағат 8:00-де зымыран Хоккайдо аралының маңында теңізге түседі. Шұғыл түрде эвакуацияланыңыз!", – делінген хабарламада.

 Баллистикалық нысанның соққы аймағына Хоккайдо аралы кіреді. Іске қосылған нысан Жапонияның ерекше экономикалық аймағынан тыс жерде құлады.