Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Екі-ақ жыл оқыдым»: әлемдегі ең үлкен ұшақты қазақ жігіті басқарады

AstanaTV
13.04.2023ж. 10:45
1493
«Екі-ақ жыл оқыдым»: әлемдегі ең үлкен ұшақты қазақ жігіті басқарады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Біржанды алпауыт шетелдік компанияның басшылары үш күндік сынақтан соң бірден жұмысқа қабылдаған,-деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Біржан Талғатбекұлы - 600 адам сыйып кететін әуе кемесінің ұшқышы. Бір қызығы, Талғат ұшқыш мамандығын небәрі екі жыл ғана оқыған. Оны Біріккен Араб Әмірліктерінің әуе компаниясы Қазақстаннан шақырып алған.

Келісімшарт негізінде жұмыс істеп жатқан Талғат қазір алып ұшақпен әлемнің түкпір-түкпіріне жолаушыларды тасып жүр.

«1993 жылы ШҚО-ның Біржан деген ауылында дүниеге келдім. Әкем -Талғатбек Кәмісхан,  Мәскеу облысындағы Егорьевск қаласында Чекалов атындағы авиациялық техникалық колледжін, сосын Алматыдағы Азаматтық авиация академиясын тәмәмдаған. Алматы қаласындағы ұшақтарға техникалық қызмет көрсету орталығында инженер-механик болып жұмыс істеген. Балалық шағым Алматы облысындағы Байсерке ауылында өтті. Мектепті Алматыда оқыдым. Сабақтан бос уақыттарда әртүрлі спорт секцияларына, домбыра үйірмелеріне де қатыстым. Бүгінде отбасыммен Дубайда тұрам, бір баламыз бар», - деді ұшқыш.