$511.22 €540.05 ₽4.73
×

«AMANAT» партиясы қаржылық сауаттылық бойынша тренерлерді дайындауда

20.04.2023ж. 20:00
844
«AMANAT» партиясы қаржылық сауаттылық бойынша тренерлерді дайындауда

«AMANAT» партиясы «Ұлы Дала» ауылдық бизнесті дамыту қауымдастығымен бірігіп, «Қарызсыз қоғам» жобасы үшін тренерлерді оқытуды бастады. Мақсат -проблемалық берешегі бар жандардың қаржылық сауатын арттыру. Аудиториямен жұмыс істеу бойынша тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру және біліктілікті арттыру курстарын 30 бизнес-тренер аяқтады. Курс- тегін. Бір топтың оқу мерзімі - 5 күн. Мамандар 80 мыңға жуық ауыл тұрғынын қамтуды жоспарлап отыр. "Қарызсыз қоғам" жобасының алғашқы кезеңі 8 өңірде іске асырылады.

Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Қазір банкроттық деңгейде тұрған елімізде миллион жарым адам бар екен. Уақытында төлей алмай жүрген адамдардың саны 6 миллионнан асады. Сондықтан партия өзінің бір міндеті ретінде осы берешегі бар адамдарды оқытуға кірісіп жатыр. Қаржылық эксперттерді дайындауға біз кірістік. 80 адамды таңдап алып, қорытындысында 8 Қазақстанның өңіріне жібереміз.

Ақмарал БЕКМҰРЗАЕВА, «ҰЛЫ ДАЛА» АУЫЛДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жобамыз ұзақ мерзімді. Біз алаяқтарға бірде-бір мүмкіндік қалмайтындай саналы қоғам құруға тырысамыз. Адамдар қаржы институттарын нақты түсініп, пирамидаларды инвестициялардан ажырата білуі керек. Жалпы, қаржылық сауаттылық – бұл кең ұғым. Адамдарға жеке бюджетін қалай басқаруға болатынын үйретеміз, олардың несиелерін қайта құрылымдау, мүлікке, шоттарға қойылған кепілді алып тастау бойынша заңгерлік кеңес береміз.