Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Елімізде жасөспірімдердің әскери-патриоттық ойындары өтті

20.04.2023ж. 20:00
699
Елімізде жасөспірімдердің әскери-патриоттық ойындары өтті

Елімізде жасөспірімдер арасында жауынгерлік рухты арттырып, нағыз әскери өмірдің қыр-сырын көрсететін «Qaisar» әскери-патриоттық сайысы өтті. Республикалық деңгейдегі ойындарға іріктеуді "AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" жастар қанатының мүшелері өткізді.

«Qaisar» әскери-патриоттық ойындары жыл сайын 10 және 11-сынып оқушылары арасында өтеді. Спорт, тәртіп, жаңа достар-бұл сайыстан жасөспірімдердің үйренері мол. Алматы қаласындағы іріктеуге 10 топ бойынша 90 бала қатысты.

Мақсат ШИГІБАЕВ, МЕДЕУ АУДАНДЫҚ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Балалар әскерге баруға қорқады, және әскери салаға қызығушылықтары жоқ. Балаларды жоғарғы моральдық психологиялық әскери дайындыққа даярлау және де әскерге деген қызығушылығын арттыру. Сол мақсатта ұйымдастырылып жатыр.

Сап түзеу шеберлігі, шапшаң жүгіру, кедергілер жолағынан мүдірмей өту, бұл жас сарбаздардың физикалық мүмкіндіктерін шыңдаса, сұрақ-жауап сайысында олардың жауынгерлік рухы сыналады.

Әлия БИБОСЫНОВ, “QAISAR” ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ:

Командамыз өте жақсы жұмыс атқарды деп ойлаймын, біз өзіміздің барынша тырысып, осы жерде бірінші орын алу үшін барлық еңбегімізді төктік десек те болады. Сондықтан да бүгінгі күн мен үшін ерекше.

Өскемен қаласының оқушылары да жоғары дәрежелі дайындықтарын көрсете алды. Балалардың көбі өз өмірлерін әскери мамандықпен байланыстырғысы келетіндерін айтады.

Данил ТРЕСКИН, “QAISAR” ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ:

Мен ұшқыш болғым келеді. Сондықтан қазір дайындалып жатырмын. Өз мақсатымнан ешқашан шегінбеймін, бұл- менің арманым.

Ақтық мәре елордада өтеді. Бірінші орын алған командалар өз аймақтарының намысын қорғайды.