$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Баланың әкесі ғашығының аяғы ауыр екенін естіген сәтте «ата-анам қарсы» деп теріс айналған

21.04.2023ж. 20:00
821
Баланың әкесі ғашығының аяғы ауыр екенін естіген сәтте «ата-анам қарсы» деп теріс айналған

Елімізде 200-ден аса әйел «Аналар үйінде» тұрады. Орталық өмірде аяғын шалыс басып, қиындыққа тап болған талай жанға қол ұшын созды. Бұған дейін 6 мыңнан астам келіншектің тағдырын өзгертуге көмектескен. 10 жылдан бері жұмыс істейтін жобаның алғашқы сәбиі қазір 10 жаста.

Түрін көрсетуден бас тартқан бұл келіншек сүйген жігітінен жүкті боп қалған. Алайда баланың әкесі ғашығының аяғы ауыр екенін естіген сәтте ата-анам қарсы деп теріс айналады. Жалғанда жалғыз қалған жас ана барар жер, басар тауым болмағаннан кейін «Аналар үйіне» келген.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Ата-аналарым бірге тұруға қарсы болды. Қай жерге баратынымды білмей, Астанадағы аналар үйіне хабарластым. Координатор мені өте жақсы қабылдады. Содан бері мен алты ай уақытында «Дом мамыда» тұрдым.

Қор басшысы алғашында бұл жобаны іске асыру оңай болмады дейді. Он жылда түрлі тағдырды көріп, бірге мұңайғанын айтады.

Анар РАҚЫМБАЕВА, «АНАЛАР ҮЙІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ең бірінші екі ана келді бізге. Көп ойланды, дәрігерлер де ойланды, неге аламыз біз оларды балаларымен. Енді қорқыныш болды. Әрбір облыстарда бір-бір үйден бар. Үлкен қалаларда Астанада екі үй, Алматыда үш үйіміз бар.

Қазір алдамшы сезімнің көлеңкесінде қалып қоятын қаракөз қыздарымыз жоқ емес. Қолымен істегендерді мойнымен көтере алмайтын ер азамат саны да артып барады. Жазығы жоқ сәби жапа шекпеуі үшін осы жоба қолға алынды. Нәтижесінде 10 мыңнан астам бала жетімдер үйінде емес, өз анасының жанында өсіп жатыр.