Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Астанада оралмандар мәселесі талқыланды

AstanaTV
23.09.2016ж. 20:00
4853
Астанада оралмандар мәселесі талқыланды

Елге оралған қандастардың жұмыссыздық мәселесін тездетіп шешу керек. Оралмандарға әлеуметтік көмек көрсету туралы заңдағы бап аудандарда, ауылдық жерлерде атқарушы билік жағынан ойдағыдай атқарылмай келеді. Бүгін «Шынтөбе» пікірталас клубына жиналғандар осылай деді.

Ауыт Мұқибек, ақын:

23 бапта оралмандарға жер беру туралы, жердің пайдалану құқығын тегін беру туралы пункттер бар. Ал бірақ жаңа жылдан бері тоғыз ай өтті, ия. Мен еш жерден естіген жоқпын. Осы уақыт аралығында бір аудан әкімі, ағайындар, сендердің мынандай құқықтарын бар деп, жер берген емес.

Сондай-ақ, жиында атажұртқа оралып жатқандардың ішінде жастардың санын көбейту керектігі айтылды. Бүгінде  оралмандардың 40 пайызға жуығы - 18 жасқа дейінгі еңбекке жарамды адамдар. Еліміздегі орта бизнестің дамуына да оралмандар зор үлес қосып отыр. Сондықтан да белгілі жетістікке жеткен қандастар тізімін тұрақты түрде жариялап отыру керек. Алайда 25 жылда келген 1 миллионға жуық оралманның біразы азаматтық алмай, әлі күнге ыхтияр хатпен жүр. Сол себепті де Қазақстан тарапынан жасалған көмектен шет қалып жатады, - дейді жиналғандар. Алдағы күндері оралмандарды әлеуметтендіру мен бейімдеу жөнінде ұсыныстар әзірленіп, мемлекеттік органдарға жолданбақ.