Өткен аптаның соңында Астанадағы Сауран көшесінің бойында «Айнұр-Астана» компаниясы салып жатқан үйде 20-шы қабат деңгейінен көтергіш құлап, екі жұмысшының мерт болғаны хабарланған. Кейін қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі ақпарат құралдарына таратқан мәліметте опат болғандардың 19-ғы студенттер екені айтылған. Оларды «жұмысшылар емес» деген. Алайда студенттер ол жерге ойнауға бармаған шығар? Бұл құрылыс алаңдарындағы былықты көрсетеді –оларды кім жұмысқа қабылдаған? Біліктілік талабы, қауіпсіздік талабы, тағысын тағы, талаптар қайда? Тіпті сол жерде жұмыс істейтіндерін растайтын құжаттары жоқ болып тұр ғой. Компания өте күрделі инженерлік – коммуникациялық ғимараттың құрылысына жұмысшыларды қора-қопсы тазалауға жалдаған сияқты жалдай салатын болған. «Тірліктің түрі осы» айдарына топтасатын сансыз оқиғалардың бірі. Бірнәрсе істеліп жатқандай, там-тұмдап істеліп те жатыр... Алайда «жапқышты» көтеріп қалсаң... Саламат Омаш тараптардан комментарий алуға тырысты. Тек...
Тек бізде бәрі оңай, әрі қиын.
Қатты қажет етпейтін жерде қатаң сақталып, керек тұста әлсіреп жататын заңның
алға шыққан заманында тырнақшаның ішінде
«жыламаған» балаға комментарий жоқ. Қолында «закон қуаты» бардың біразын
мазаладық. Жә, алдымен оқиға жайында бірер сөз.
Бұл «Айнұр Астана»
құрылысы нысаны. 19 жастағы екі студент осы салынып жатқан үйден құлап опат
болды. Себеп мынау. Екеуі 20 қабаттагы балконды әрлеп жатқан кезде темір
тіреулер құлап кеткен. Бізді мазалайтын сұрақ: олардың жұмыста істеуге рұқсаты
болды ма? Студенттер оқу кезінде қалай
құрылыс нысандарында жур? Бұл оқиғаға кім жауапты?
Жауаптыларды іздеп, марқұм болғандар туралы ақпарат алуға Астанадағы Еуразия Ұлттық Университетіне бардық. Себебі он тоғыз жастағы Ұлбек Күбеш пен Талғар Мұқиятұлы аталған оқу орнындағы физика-техника факультеті, ғарыштық техника және технологиялар кафедрасының екінші курс студенттері еді.
Дихан Қамзабекұлы, ЕҰУ әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры:
Қыршын кетті. Оған университет те, жастар оте қайғылы. Бұны айтып жеткізуге болмайды. Отбасының қайғысы, елдің қайғысы. Бұл жастарымызға беріліп соңғы күндері бұл мәселе университеттегі ауыр күндердің бірі болып отыр.
Иә, өмірге келудің бір ғана жолы болса, өмірден кетудің себебі шексіз. Қыркүйектің он алтысы күні университетте әскери даярлық дәрісі болған. Ол күні әскери билетті сарбаз атанбай-ақ алғысы келетіндерден басқалар түгел оқудан босатылады. Сабақтан бір күнге қолы қалт еткендердің арасында Ұлбек пен Талғар да болған.
Дихан Қамзабекұлы, ЕҰУ әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры:
Бұл балалар жатақханада тұратын балалар болған. Енді біз 17 мың баланың қолынан ұстап жүрмейміз ғой. Бәрінің ақыл есі бар. Сондықтан бұлар өз бетімен тіршілігімен жатақханадан шыққан.
Арада бірнеше уақыт өткенде жиырмасыншы қабаттан екі жұмысшы құлап мерт болды деген ақпарат тарады. Кейінірек марқұмдардың студенттер екені айтылды. Қайғылы оқиға сол жағалауда салынып жатқан тұрғын үй кешенінде болған. Құрылыс нысаны «Айнұр Астана» деген компанияға қарайды екен. Мән-жайды білуге барғанымызда мәз бола қойған жоқ. Қазалы компаниядан қазақи қонақжайлықты күтпегеніміз де рас.
Мансұр Рамазанов, «Айнұр-Астана» компаниясының төрағасы:
Закрыто все. Никого нету сейчас. На каком оснований вы пускаете.
Дәл сол сәтте ойында не болғанынан бейхабармыз, шыдамы жетпеді ма, әйтеуір тым мазасынданған кісі журналистерді неге кіргізесің деп, күзетшіге айқайлап ұрса бастады.
Мансұр Рамазанов, «Айнұр-Астана» компаниясының төрағасы:
Кто вам сказал. Какие двое. Какого черта ты работаешь если не знаешь свои обязанности.
Бастық екенін байқадық. Оқиғаның қалай болғанын білгіміз келіп, адамша сұхбаттасуға қайта шақырдық.
Мансұр Рамазанов, «Айнұр-Астана» компаниясының төрағасы:
Ушли два пацана который сейчас не только родителям больно но и всем нам. Мы участвовали в похоронах. Я встречал. Мы все-все делали. Вся компания. Сейчас ас дают. Все делают.
Оқиғаның ресми нұсқасын және жауаптыларды білгіміз келіп құзырлы органдарға бардық. Алайда, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 221-бабына сәйкес тергеу жүріп жатқанда мәліметтер толық жария етілмейді екен.
София Қылышбекова, Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Осы факт бойынша қазіргі кезде Айнұр Астана салынып жатқан құрылыс нысанындағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, ҚР қылмыстық кодексінің 156 бабы бойынша, яғни еңбекті қорғау ережесін бұзған деген факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
«Айнұр Астана» компаниясының басшысынан жұмыс беруші мен студенттердің арасында қандай да бір келісім-шарт болған-болмағанын сұраған едік.
Мансұр Рамазанов, «Айнұр-Астана» компаниясының төрағасы:
Люди попали на стройку случайно. Никто не работал. Никаких трудовых соглашений не было.
Компания басшысының келісім-шарт болмаған деген сөзін растау үшін «Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне арнайы хат жаздық. Олар алғашында «бұл мәселеге жауап беретіндей біздің құзырымызға жатпайды» деп атүсті жауап бере салған.
Телефон арқылы – Жомарт Айтқазы, Астана қ. баспасөз қызметінің жетекші маманы:
Бұл мәселелер бізге қарамайды екен. Өйткені бұл жерде еңбек қатынасы жоқ. Бұл ЧС пен ДВД-ның вопросы.
Кештетіп қағаз жүзіндегі ресми жауап та келді. Онда марқұмдар салынып жатқан үйдегі пәтерді көруге келді делінген және еңбек қатынасы болмағандықтан құрылыс салушыларға шаралар қабылдауға мүмкіндік жоқ екен.
Мансұр Рамазанов, «Айнұр-Астана» компаниясының төрағасы:
Виновные будут наказаны, если они будут виновны.
Жауап түсінікті. Біз қанағатсыздықтан емес, жауаптыларды анықтау мақсатында ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетіне хабарластық. Алғашында әкімдіктегілер осы органмен сөйлесіп көруімізді айтқан еді.
Телефон арқылы - Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі:
Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты мәселелер табиғи немесе техногендік сипаттағы болған төтенше жағдай кезінде қайтыс болған адамдар. Ал бізде екі жігіттің қайғылы оқиғасы статистикаға енетін нәрсе емес.
Студенттер мен компания арасында ешқандай да келісім-шарт болмаса, марқұмдар құрылыс жүріп жатқан жерге қалай кірген? Олай дейтініміз кез-келген құрылыс нысандарының аумағы қоршалып тұрады емес пе?
Болат Мадееев, «Детектив» заң орталығының директоры:
Мекеменің әкімшіліктің, лауазымды осыған жауапты адамдардың рұқсатынсыз нысанның территориясына кіре алмаған, кіре алмауы кажет еді. Яғни бұл жерде құрылыс нысанының басшыларының рұқсатымен ғана кіруі мүмкін деген ой бар.
Заңгер Болат Мадеевтың айтуынша жабық обьектіде келімді-кетімді адамдар түгел тексерілу керек. Келісім-шарт болсын, болмасын құрылыс нысандарында мамандар техника қауіпсіздігін қадағалауы тиіс. Ал, оқу орындарының әкімшілігі оқудан тыс уақытта және университет территориясынан тыс жерде кәмелеттік жасқа толған студенттердің жүріп-тұруына жауап бермейді.
Дихан Қамзабекұлы, ЕҰУ әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры:
Әлеуметтік жағынан аз қорғалған балалар бар. Біз оны жоққа шығармаймыз. Біраз балалар ата-анасына көмек ретінде жұмыс істейді. Оны да жасырмаймыз.
Студенттер құрылысты көруге барған болуы мүмкін, оларды біреу көмекке шақыруы да ықтимал немесе сабақтан бос кезде бір күндік жұмысқа барған.
Болат Мадееев, «Детектив» заң орталығының директоры:
Қазақстан Республикасының заңнамаларында еңбекке қатысты уақытша жұмыс деген түсінік жоқ. Жоғарғы оку орнының студенттері екенін ескерсек олардың ондай жерде жұмыс істеуі құқығы жоқ және жұмыс беруші оны болдырмау керек еді.
Біз бір ғана оқиғаны алып отырмыз. Жалпы Елорданың құрылыс алаңдарында адам өлімі жиі боп тұрады. Мұнда былтырдың өзінде 9 адам биіктен құлап қаза болған. Енді міне, әйнектей қорғансыз қос бірдей тағдырдың жұлдызы сөніп отыр.
Мансұр Рамазанов, «Айнұр-Астана» компаниясының төрағасы:
Все необходимое оказали. И по огребение и все все. Проведение семи дней , сорок дней. И год мы будем проводит. Никто не отварачивается.
Мына бір ақпаратты елеусіз қалдыруға, сірә, болмас. Біз бағанадан бері сөз қылып отырған «Айнұр Астана» құрылыс компаниясы жылдың басында жауапсыз компаниялардың тізіміне енген. Құрылыс нысандарында шикілік шығып, жұмыстарын уақытылы тапсыра алмай, тұрғындар тарапынан наразылық болған.
Мансұр Рамазанов, «Айнұр-Астана» компаниясының төрағасы:
За эту стройку у нас ниче не было. Даже палец не ломал. Палец не ломал.
Кінәлі қоғамдық қатынастардағы салғырттық.
Кінәлі – тәртіпсіздік пен жауапсыздық. Жалпы бізде көп дүниені айқайлап айтуға
болмайды, менталитетімізге жат құбылыс. Біз сыбырлап сөйлегенді жақсы көреміз.
Марқұмдар дәл осы аудиторияда окып, дәл мына партада
отырып білім алған. Екеуі де мемлекеттік гранттың иегерлері, факультеттің
үлгілі студенттері еді. Амал қанша... «Сендер біздің жүрегіміздесіңдер.
Жандарың жаннатта болсын. Бақи болыңдар».
Группаластары мен достары осылай деп көңіл айтып жатыр.
Әйтсе де олар өз өмірлерін сүре береді. Жылап қалған ата-аналарды айтсай...
Саламат Омаш, «Біздің уақыт».