Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Тоқаев жаңа орден мен екі бірдей сыйлық енгізуді ұсынды

AstanaTV
27.04.2023ж. 12:18
1374
Тоқаев жаңа орден мен екі бірдей сыйлық енгізуді ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа орден мен екі сыйлық енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент әдебиет, журналистика, мәдениет, өнер саласында ұлттық келісімді нығайтуға ықпал етіп жүргендерді марапаттауды ұсынды.

"Нақты істерімен жерімізде үйлесімділік пен келісімді нығайтуға ықпал ететін азаматтарды жан-жақты көтермелеу қажет. Қазақстан халқы Ассамблеясының екі сыйлығын тағайындауды ұсынамын.
Біріншісі - әдебиет және журналистика саласындағы үздік еңбектері үшін. Екіншісі - мәдениет пен өнер саласындағы үздік туындылар үшін. Бұл сыйлықтарды жеке авторлар да, шығармашылық топтар да ала алуы маңызды. Бұл ретте ақшалай сыйақының мөлшері кем дегенде мемлекеттік сыйақыдан кем болмауға тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы жаңа орден енгізуді ұсынып, оны биыл қазанда Республика күніне орай табыстау керек екенін мәлімдеді.

"Сонымен қатар, жаңа мемлекеттік награда "Ұлт бірлігін нығайту жолындағы жемісті еңбегі үшін" Қазақстан халқы Ассамблеясының ордені бекітілуі керек. Бірінші лауреатқа бұл награданы биыл қазанда Республика күнінде табыстауға болады", - деді Тоқаев.