Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Екібастұз жылу орталығына 3 млн теңге айыппұл салынды

27.04.2023ж. 20:00
677
Екібастұз жылу орталығына 3 млн теңге айыппұл салынды

Қыс бойы Екібастұз халқын тоңдырған жылу электр орталығына 3 млн теңге айыппұл салынды. Бұл жолы жылуды жеткілікті бермегені үшін емес, тұрғындарды түтінге тұншықтырғаны үшін жазаланды. Естеріңізге салайық, наурыз айының соңғы үш күнінде тұрғындар қара түтіннен көз ашпай, жағымсыз иіске тұншыққан. Шағын шаһарды әлекке салған бұл мәселе туралы өткен шығарылымдарымызда бейнематериал берген болатынбыз. Сонан кейін бақылаушы органдар тексеріс бастады. Бастапқыда жылу қазандықтарындағы көмір қалдықтары өртеліп жатыр деп ақталғанымен, кейін стансада апаттық жағдай болғаны анықталған. Ал басшылық мұны тұрғындарға дер кезінде хабарламай, жылы жауып қоймақ болған.

Мағзұм ҚОҚЫМБАЕВ, ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Прокуратураның ұсынысы бойынша 2 тексеру жүргізілді. Олардың нәтижелері бойынша кәсіпорынға жалпы сомасы 3 млн теңгеге 3 айыппұл салынды. Зертханалық сынақтардың нәтижелері бойынша ауаны ластағаны анықталды. Осы құқық бұзушылық үшін кәсіпорын «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 1-бөлігінде көзделген әкімшілік жауапқа тартылды.