$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде залалсыздандырылған иесіз иттер отадан кейін өлімше халге түскен

27.04.2023ж. 20:00
1389
Ақтөбеде залалсыздандырылған иесіз иттер отадан кейін өлімше халге түскен

Ақтөбеде арнайы бекеттерде залалсыздандырылған иттер отадан кейін өлімше халге түскен. Қала көшелерінде қаңсырап жүрген оларды зообелсенділер тауып, аман алып қалыпты. Енді прокуратураға шағымданып отыр. Жауаптылар жазаға тартылсын деп талап етуде.

Жануар жанашыры Ирина Ченцова иттерді әлеуметтік желіден көрген. Жуырда ғана залалсыздандырылған жануар аянышты күйге түскен. Ішектері іріңдеп, сыртына шығып әрең жүрген итті қамқорлыққа алыпты.

Ирина ЧЕНЦОВА, ЖАНУАР ЖАНАШЫРЫ:

Иттерді ветеринарлық емханаға жеткіздік. Дәрігер қарап, залалсыздандыруда қателіктер кеткенін айтты. Ішкі тігіске жібек жіп пайдаланылған. Негізі ол арнайы жіппен тігілу керек. Сондықтан иттің ішектері сыртына шығып, ішкі құрылысы іріңдеп жағдайы нашарлаған.

Осындай күйге түскен тағы бір итті еріктілер екі айдан бері бағып, күтуде. Олардың жағдайдары тіпті қиын дейді. Құзырлы мекеме мамандары бұл жағдайдан хабардар. Жауапсыз ветеринар дәрігер жауапқа тартылды дейді.

Иса БАЗАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Халатное отношение ветврачтан болған. Сол үшін ол наказание алды. Айтып отырмын ғой. Бірінші жағдайда тәртіптік жаза қолданды. Ескерту. Екінші уже полициямен штраф салынды. 100 айлық көрсеткіш.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Мына менің артымда тұрған иттер арнайы отадан шыққан. Олар бұл жерде 12 күн арнайы бақылауда болады. Тек содан кейін ғана жарасы жазылған соң ғана бостандыққа шығады.

Ақтөбеде иесіз иттерді залалсыздандыру мен кастрациялау шаралары өткен жылы басталды. Бүгінге дейін мыңнан астам ит ауланып, арнайы операция жасалған. Ал жарасы асқынған иттер орталықтан қашып кеткен көрінеді.

Берік ӘБДІРАХМЕНОВ, ВЕТЕРИНАР ДӘРІГЕР:

Жібі алынбай кетті да сыртқы, сосын ашық жара болған соң жазылмайды ғой. 12 күн мұнда біз жазып дәрі сеуіп сөйтеміз. Жазылмай қашып кеткендіктен сырттан инфекция түскен. Содан осложнение беріп тұр.

Соңғы жарты жылда Ақтөбеде 1400 иесіз ит залалсыздандырылған. Бұл мақсатқа 220 млн теңге қаражат бөлінген.