«Қазгидромет» РМК-сы сәуірдің 28-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен республиканың оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, еліміздің оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман түседі.