Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Айқайлап кабинеттен қашып шыққан: Шымкентте аурухана дәрігері науқасты зорламақ болды деген күдікке ілінді

AstanaTV
28.04.2023ж. 09:45
1193
Айқайлап кабинеттен қашып шыққан: Шымкентте аурухана дәрігері науқасты зорламақ болды деген күдікке ілінді

Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлерінің бірі науқасты зорламақ болды деген күдікке ілінді. Қылмыстық іс қозғалған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап.

Аурухананың жедел жәрдем бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, сол түні кезекшілікте науқасты жедел жәрдем алып келген. Ол ішінің ауырып жатқанын айтып, шағымданған. Дәрігерлердің бірі оны тексеру үшін тыныштық бөлмесіне алып барған.

Ол жерде нақты не болғанын тергеу мен қылмыстық іс аясында тағайындалған сот-медициналық сараптамасының қорытындысы көрсетеді. Алайда мұндай "тексеруден" кейін қыз айғайлап кабинеттен қашып шыққан.

“Аталған дерек Тұран аудандық ішкі істер бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 120-бабының 1-бөлігі ("Зорлауға оқталу") бойынша тіркелді. Іс бойынша тиісті сараптама тағайындалды”, – деп мәлімдеген Шымкент қалалық полиция департаменті.