Отандық әнші Жеңіс Ысқақова жақында өмірден өткен анасын еске алды. Әнші Instagram желісінде балалық шағының оқиғасын бөліскен.
"Үйдің кенжесі болғандықтан, менің қалауым бір айтқаннан орындалатын. Әкемнің үрлеп берген түрлі-түсті шарлары мен жалаушаны алып, анам әперген жаңа көйлекті киіп, мерекелік шеруге баратынбыз. Шеруден кейін міндетті түрде фотосалонға барып, суретке түсеміз. Бәрі кеше ғана болғандай. Ақ мамам бақилық болғалы 19 күн өтті. Күн өткен сайын сағынышым күшейіп барады….", - деп жазды әнші.
Естеріңізге сала кетейік, Жеңіс Ысқақованың сәуір айында дүниеден өтті.