Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Жемқорлыққа қарсы күрес бюросына жаңа басшы тағайындалды

AstanaTV
28.09.2016ж. 20:00
3770
Жемқорлыққа қарсы күрес бюросына жаңа басшы тағайындалды

Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюрода жаңа басшы. Бұдан былай ведомствоға Талғат Татубаев жетекшілік етпек. Тиісті жарлыққа Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды. Бұл жөнінде мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Айта өтейік, Талғат Татубаев бұл лауазымға дейін аталмыш бюроның төраға орынбасары қызметінде болды. Ал ведомствоның бұрынғы жетекшісі Қайрат Кожамжаров таяуда ғана Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА