Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Депутат барымтаға ерекше қылмыс ретінде қарауға шақырды

AstanaTV
28.09.2016ж. 20:00
2935
Депутат барымтаға ерекше қылмыс ретінде қарауға шақырды

Қазақстан биыл мұнай өндірісін 1,5 миллион тоннаға арттырмақ. Бұл туралы Мәжілісте Ұлттық экономика министрі айтты. Онда 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қаралған болатын. Түзетілген бюджетте мемлекет табысын арттыруы тиіс бірнеше тармақ бар. Ол негізгі экспорттық тауар - мұнайдың нарықтағы құнын барреліне 35 долларға дейін көтеру. Үкіметтің Қашағаннан да үміті зор. Толығырақ Азамат Алдоңғаров баяндайды.

Биыл экономика Ұлттық қордан кепілдендірілген қаржысын алғашқы жоспардан кем алмақ. Үнемдеудің арқасында трансферт 752 млрд 900 млн теңгені құрап отыр. Бұл 54,6 млрд теңгеге кем. Сондай-ақ жаңарған бюджетте мұнай бағасы барреліне 20 доллардан 35 долларға дейін көтеріліп отыр. Ұлттық экономика министрінің баяндамасында Қазақстан қарашада іске қосылуы тиіс Қашаған кен орнының арқасында мұнай өндірісін 1,5 млн тоннаға арттырып, 75,5 млн тоннаға жеткізетінін айтты. Тағы бір өзгеріс, келер жылдан бастап Үкімет кейбір тарифтердің бағасын реттеуден бас тартпақ.

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

47 нарықты зерттей келе, оның ішінде реттелетін нарықтар да бар, табиғи монополияны реттейтін органның құзырында 4 саланы қалдыру бойынша шешім қабылданды. Бұл темір жол тарифі, электроэнергетика, газбен қамтамасыз ету және әуежай қызметтері.

Заң жобасын талқылау барысында депутаттарды зейнетақы қорынан экономикаға бөлінетін қаржы көлемі мен оның қайтарылуы қызықтырды. Данияр Ақышевтің сөзінше, екінші деңгейлі банктер зейнетақы қаржысын қалтасына салуға құлшынып отырған жоқ.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

15-тен аса пайызбен зейнетақы қорынан қаржы алды. Жалпы сомасы 112 млрд теңге. Ұлттық банк екінші деңгейлі банктердің соңынан «ақша алыңдар» деп жүгіруі тиіс емес. 112 млрд теңгеге өтініш түсті, біз оларды қанағаттандырдық. 200 млрд-қа өтініш түскен жоқ, сұрақты банктерге қойыңдар.

Депутаттар мен журналистер зейнетақы ақшасының бүтін сақталуы мен қайтарылуын да сұрады. Қор мемлекет басшысы басқаратын кеңестің шешімімен ғана инвестиция салады деген төраға, зейнетақы ақшасы инфляция деңгейінен жоғары табыс әкеліп отыр, деп сендірді.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:  

Біздің Ата заңымызда азаматтардың зейнетақымен қамтамасыз етілуі, оның сақталуына мемлекет кепіл деп жазылған. Оның бүтіндігі инфляция деңгейімен тепе-тең сақталады деген заң нормасы бар.

Елдегі қылмыстық жағдайдың жай-күйін Бекболат Тілеухан депутаттық сауалмен Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа жолдады. Депутатты Ұзынағаштағы ағайындылардың оқиғасы алаңдатты.

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Ата кәсiбi мал шаруашылығы болған елде мал ұрлығына үстiрт қарап, полиция тарапынан қажеттi назардың кемшiндiгi де жасырын емес. Жалпы, соңғы кездерi қарап отырсақ, бейбiт елдiң берекесiн алған экстремизм мен терроризм, нәрестесiн лақтырған ана, "ана" деуге келсе егер, адамдықтан безген педофилия сияқты қылмыстар қоғамда өршiп бара жатыр. Осы орайда Iшкi iстер министрлiгi осы iспеттес қылмыстардың алдын алу және болдырмау мақсатында қандай жұмыстар атқармақ?

Азамат Алдоңғаров, тілші:

Депутат аталған қылмыстарды ерекше санаттағы қылмыс ретінде қарап, оған кесілетін жазаны қатаңдатуды ұсынды. Әріптестерінің ұсынысын ақжолдықтар да қолдады. Ал қарақшылар қолынан қаза тапқан ұзынағаштық ағайындардың оқиғасы бүгіннен бастап мәжілістің «Нұр Отан» фракциясы бақылауына алмақ.