Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алаяқтар қазақстандықтардың жеке құжатының көшірмесін алудың жаңа тәсілін ойлап тапты

AstanaTV
07.05.2023ж. 20:35
733
Алаяқтар қазақстандықтардың жеке құжатының көшірмесін алудың жаңа тәсілін ойлап тапты

Бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органдарының атынан алаяқтар мессенджерлер арқылы жеке құжаттың көшірмесін сұрай бастаған жағдайлар жиілеп кетті, – деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Осыған орай Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілердің атына осындай хабарламалар жібермейтінін хабарлады.

«Осыған байланысты Сізден осындай бейресми дереккөздерге сақ болуыңызды сұраймыз, өйткені құжаттар одан әрі алаяқтық мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ, тіркелген, есептен шығарылған ЖК туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-порталында орналастырылғанын хабарлаймыз kgd.gov.kz. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖК ретінде тіркеу есебіне қою хабарлама жасау тәртібіне ауыстырылғанын қосымша хабарлаймыз, жеке тұлға мемлекеттік кіріс органына ЖК ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама ұсынады. ЖК ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама электрондық тәсілмен – Қазақстан Республикасының «Е-license» электрондық лицензиялау порталы арқылы және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы арқылы жіберіледі», – делінген хабарламада.