Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматы облысында әкесі мен төрт бала уланып қалды

AstanaTV
10.05.2023ж. 10:35
728
Алматы облысында әкесі мен төрт бала уланып қалды

Алматы облысының Көлашы ауылында төтенше жағдай болды: ауыл тұрғыны мен оның төрт баласы белгісіз затқа уланып, қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 4 мамыр күні болған.

"Жеке тұрғын үйде 6 адам (2 ересек және 4 бала) бұрын белгісіз затпен уланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Салдарынан 1984 жылы туған ер адам (әкесі) және төрт бала (2010 жылы туған қызы және 2008, 2013, 2018 жылы туған ұлдары) қайтыс болды",-дейді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД таратқан ақпарат бойынша, 1985 жылы туған әйел (анасы) ауруханаға түсті. Қазір жағдайы қалыпты, психологтар жұмыс істеп жатыр.

"Алдын ала себептердің бірі - белгісіз затпен улану. Мән-жайды анықтау үшін дереу шақыру орнына Төтенше жағдайлар департаментінің зерттеу сынақ өрт зертханасы, Газ қызметі және СЭС жіберілді",-делінген хабарламада.