Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Беларусьте ауыр қылмыс жасаған 2 қазақстандық жазасын елде өтейді

AstanaTV
10.05.2023ж. 11:01
703
Беларусьте ауыр қылмыс жасаған 2 қазақстандық жазасын елде өтейді

Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы Беларусь соты бас бостандығынан айырылған К. және М. есімді қазақстандықтарды беру туралы сұранысын қанағаттандырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

К. есімді қазақстандық Белоруссияда аса ірі мөлшерде пара бергені үшін, ал М. есімді қазақстандық жеке құжаттарды ұрлағаны, тонағаны, және ұрлық жасағаны үшін тиісінше 5 жыл және 7 жыл 6 айға сотталған.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен бұл қазақстандықтарды жазасын одан әрі қарай өтеу үшін Қазақстанға жеткізді. 

Қазір олар Астананың тергеу изоляторына қамалды.