Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Шымкентте салмағы 6 келі ұл дүниеге келді

AstanaTV
10.05.2023ж. 16:07
1042
Шымкентте салмағы 6 келі ұл дүниеге келді

Шымкент қаласындағы №2 ауруханаға қарасты перзентханада 10 мамырда таңғы сағат 07:30-да салмағы 6 келі ұл бала дүниеге келді. 

Батыр баланы 31 жастағы келіншек өмірге әкелген. Бөбек- анасының үшінші перзенті. Білікті дәрігерлер алып сәбиді іштен жарып алмай, анасын табиғи жолмен босандырып алды. Алып сәбиді ата-анасы Алпамыс деп атады. 

Қазір батыр бала да, оның анасы да өздерін жақсы сезінуде. Дәрігерлер оларды келер аптада өз үйлеріне жібермек. Тек алып салмақпен туылған сәбиге ерекше күтім жасап, алдағы уақытта оның салмағын қадағалау қажет дейді мамандар.

“1992 жылғы жүкті әйел 10.05.2023 түнгі сағат 01:05-те №2 Қалалық аурухананың перзентханасына жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Диагноз: 4 жүктілік, 41 апта “гигантский плод”. 10.05.2023 ж. таңғы сағат 07:30-да батыр ұл бала дүниеге келеді. Салмағы - 6000,0 гр, бойы – 65 см. Босанушы әйел ешқандай жыртылусыз өзі босанды”-дейді мамандар.