$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда өртенген үйден жасөспірім баланың денесі табылды

AstanaTV
11.05.2023ж. 20:07
1148
Павлодарда өртенген үйден жасөспірім баланың денесі табылды

Павлодарда өртенген үйден жасөспірімнің мәйіті табылды. Оқиға Галицкое ауылында болған.

Өрт сөндірушілер келіп жеткенде бес бөлмелі кірпіштен жасалған тұрғын үй отқа оранып, жартылай қираған шатырдың ағаш құрылымдары, тұрмыстық заттар, жиһаздар жанып жатқан. Өрттің жалпы аумағы -250 шаршы метр. Төрт адам эвакуацияланған.

Ринат ГАЙНИАХМЕТОВ, УСПЕН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ ИНЖЕНЕРІ:

Отағасы Павлодар қаласындағы №1 ауруханаға жатқызылды. Ер адамның денесін ІІ-ІІІ дәрежелі 30 пайыз күйік шалған, жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Үй құрылыстарын бөлшектеу және өртті жою кезінде 2012 жылғы ер баланың денесі табылды.