Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Махмұд Сабырхан кубалық боксшыны жеңіп, финалға жолдама алды

AstanaTV
12.05.2023ж. 15:40
805
Махмұд Сабырхан кубалық боксшыны жеңіп, финалға жолдама алды

Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық боксшы жартылай финалда әлем чемпионы, кубалық Йосвани Вейтиямен жұдырықтасты.

Бірінші раундта бес төреші түгел қазақстандық босшы басым деп тапты. Екінші кезеңде төртеуі берді. Қорытынды есеп - 5:0.

Еске сала кетейік, бүгін бес қазақстандық боксшының әлем чемпионатының финалына шығу үшін таласатынын жазған болатынбыз.