Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Нұрлан имам жаңа қызметке тағайындалды

AstanaTV
12.05.2023ж. 23:43
1771
Нұрлан имам жаңа қызметке тағайындалды

Имам Нұрлан Байжігітұлы "Ырыскелді қажы" атындағы мешітке бас имам болып тағайындалды. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Имам оқырмандарымен қуанышты жаңалығымен бөлісіп, амандық тіледі.

"Бісмілләһир-Раxманир-Раxим! Алланың қалауымен, елдің ақ тілегімен бүгін Астанамыздағы “Алланың гүлі” аталып кеткен Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам боп тағайындалдым. Бұл мен үшін қуанышты жаңалық! Енді Астана жұртшылығымен және қала қонақтарымен осы мешітте жүздесеміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз берік, руханиятымыз тұғырлы болсын!", - деп жазды Нұрлан имам. 

Оқырмандары имамға "Құтты болсын! Иманымыздың кемелденуіне сіздей білімді діни сауатты ұстаздар көп болсын!", "Бұл мешітке кезек болатын шығар", "Құтты,қайырлы ,абыройлы болсын! Елге, халыққа, жастарға берер тәлім-тәрбиеңіз көп болсын" деген секілді жағымды пікірлер ғана қалдырған.

Имам Нұрлан Байжігітұлы хиджаб киген шоу-бизнес өкілдеріне қатысты пікір білдірді.