Петропавл қаласы полиция басқармасының бөлім бастығы бірнеше рет пара алды деп айыпталып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет дерегіне сүйенсек, жоғары шенді полицей бірнеше рет 500 мың теңге мөлшерінде пара алған.
“Сотталған сапаны растайтын тиісті құжаттары жоқ, акцизделетін өнімді заңсыз сатуды жүзеге асыруда қамқоршылық көрсеткені үшін жалпы сомасы 500 жүз мың теңгеден асатын бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Осылайша, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен мың блок темекі өнімінің және 5 мың литр күмәнді алкоголь өнімінің заңсыз сатылымы тоқтатылды”, - делінген ақпаратта.
Сотталған "полиция майоры" арнаулы атағынан, сонымен қатар мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.