Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматыда жыл басынан бері электросамокаттан 6 адам зардап шекті

15.05.2023ж. 20:00
785
Алматыда жыл басынан бері электросамокаттан 6 адам зардап шекті

Алматыда жыл басынан бері электросамокаттан 6 адам зардап шекті. Екі доңғалақты құрылғыға наразылық білдірушілер артуда. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы талаптар енгізілуде. Бастысы, самокат тізгініндегі адам 18-ге толған болуы керек. Оның кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі бар және басында арнайы каскасы болуы міндетті. Әйкерім Пернебек көпшіліктің пікірін білді.

Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ:

Электросамокат керек жерге жетудің жылдам әрі қолжетімді түрі. Алайда жаяу жүргіншілер үшін бұл кауіпті. Соңғы жылы самокаттардың қатысуымен болатын жол апаты жиілеген. Кез келген бұрыштан шыға келетін электро көліктер жаяу жүргіншілерді де, көлік жүргізушілерін де сарсаңға салып тұр.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Самокатпен жүруді правоменен рұқсат сұрап жатыр ғой, мен ойлаймын ол өте дұрыс. Өйткені бұл балалардың өміріне өте қауіпті дүние. Өте көп көрдім, машинамен соқтығысқан жастарды да көрдім.

- Электросамокат ол самый опасный. Керек емес ол. Зыр деп өтеді, зыр дейді. Жүрегіміз зу ете түседі, қағып кете жаздайды.

- Әрине, қарсымын, машинаға түсіп, соғылысып қалып өліп кетуі де мүмкін. Қазір өте көп болып кетті ондай. Сол себепті байқап жүру керек.

Былтыр Алматы қаласында мобильді көліктің қатысуымен 22 жол көлік оқиғасы орын алып, 23 тұрғын жарақаттанды. Бір адам қайтыс болған. Ал биыл 6 адам зардап шекті.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ Қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Полиция қызметкерлерінің заман талабына сай техниканың қолдануымен бір ұсынысы бар, car-sharing және kic-sharing қызметтерін атқаратын фирмалардың өкілдерімен арнайы мобильді қосымшаны ойлап тауып, үш рет заң бұзған азаматқа самокаттар, мопедтер және автокөліктер жалға берілмейтін болады деген ұсынысты еңгізіп отырмыз.

Елімізде самокат жүргізушілеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Жобаға сәйкес электр самокаттар көлік құралы ретінде танылатын болады.

Руслан ҚОЖАХМЕТ, ЗАҢГЕР:

Қазіргі кезде пайда болған заңнан бөлек барлық көлік түрлеріне оған самокаттар да әрине кіреді тіркеу нөмірін жалғау керек. Осы арқылы біз мемлекеттік база қалыптастырамыз. Тәртіп бұзылған болса сол азаматты бірден жауапкершілікке тартуға мүмкіндік болады. Самокаттарда көліктің бір түрі ғой, барлығына заң ортақ болуы тиіс.

Микромобильді транспорт сарапшыларының мәліметінше Алматыда былтыр электросамокатпен 7 миллионға жуық сапар жасалған. Биыл бұл көрсеткіш 15 миллионға дейін жетуі мүмкін дейді мамандар. Сонымен қатар олар шетелдік тәжірибиені де мысалға алып отыр. Жақында Ресейде самокат жүргізушілеріне қатысты жаңа заңнама күшіне енді, ал Францияның Париж қаласында өткен референдумда дауыс бергендердің 90%-ы 1 қыркүйектен бастап скутерлерді жалға беруді тоқтату туралы шешім қабылдады.

Әнуар ЖҮСІПОВ, МИКРОМОБИЛЬДІ ТРАНСПОРТ ҚОЗҒАЛЫСЫ МАМАНЫ:

Мысалы, екі адам бір самокатты айдауы, жолда жүру жолағын жоғары жылдамдықта жан-жағына қарамай кесіп өту сияқты ереже бұзушылықтар көп. Жаңа пайда болған заңның аясында бұл нәрселерге тосқауыл қойылады. Біз Ресейдің тәжірбиесіне сүйене өзімізге біраз ой түйе аламыз. Олардың заңында былай делінген: Жаяу жүргіншінің қозғалысына қауіп төндіруге тыйым салынады жаяу жүргінші әрқашан тратуарда басымдыққа ие.

Электросамокаттардың жылдамдығын шектеу қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмеу керек