$482.86 €533.17 ₽5.08
×

Теміртауды қара күйе басты: зиянды қалдықты экологтар тексеріп жатыр

15.05.2023ж. 20:00
1019
Теміртауды қара күйе басты: зиянды қалдықты экологтар тексеріп жатыр

Қарағанды облысындағы Теміртау қаласын қара күйе басты. Түтінге тұншыққан тұрғындар жаппай шағымдануда.

Тұрғындардың айтуынша, бұл - қаладағы ГРЭС-1 аталып кеткен жергілікті электростанциядан шыққан көмір күлі. «Bassel Group LLS» кәсіпорнына қарайтын серіктестік ескі қаланы ыстық су және жарықпен қамтамасыз етеді. Алайда кәсіпорыннан шыққан өндірістік күлдің шаңы бүкіл қалаға тарап жатыр. Бұған дейін де бірнеше рет өндіріс технологиясын бұзғанын экологтар растап отыр.

Серік БЕКТҰРҒАНОВ, ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Модернизация да, реконструкция, түк те естелінбей мұнда таза фильтрларсыз түтіннің өзінен қарайсыз мұнда шаң. Қаншама хат жазылды, облыстың әкіміне де қаланың, облыстың әкіміне де, бірақ нәтиже жоқ.

Дархан ЕСЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қазіргі кезде жаңағы ГРЭС, «Bassel Group LLS» серіктестігінен золотвалы бар, Сол золотвалдан келіп жатыр шаң, түтін. Тексеріс барысында біз осы факторға көңіл бөлеміз. Ондай жерден көбінесе шаң ғана шығады, желде шаң көтеріледі.