Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

«AMANAT» партиясы тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға ниетті

16.05.2023ж. 20:00
786
«AMANAT» партиясы тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға ниетті

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру – басты мақсат. «AMANAT» партиясы тұрғындардың заң саласында білімін жетілдіруге ниетті. Сол үшін қаңтар айында арнайы партиялық жоба басталды. Бүгінге дейін 6 мың адамға көмек көрсетілді. Азаматтардың 47 проценті жергілікті жерде жауап алды. Енді жұмысты одан әрі жетілдіру үшін партиялықтар республикалық адвокаттар алқасы, заң консультанттарымен меморандумға қол қойды.

Александр МЕНЬШЕНИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біз мұнда заңгерлік кеңес алу үшін келдік. Біз осы уақытқа дейін өзге органдардан көмек сұрадық, жауапсыз қалатын. Заңнаманы бұзу фактілері тіркелсе де, нәтиже болмады. Сондықтан «AMANAT» партиясына жүгіндік.

Азамат БІРЖАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мыңға жуық қоғамдық қабылдауларды өткіземіз. Оның ішінде 350-ге жуық шалғай жақтан елді-мекендерді қамтитын боламыз. Мұның барлығы сараптай келетін болсақ, біздің қоғамдық қабылдауларға келген сұрақтарды сараптау кезінде түсті.