Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Кәсіби заңгерлер «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтарға тегін кеңес береді

16.05.2023ж. 20:00
1044
Кәсіби заңгерлер «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтарға тегін кеңес береді

Халықтың құқығын қорғауды көздейтін «Құқықтық көмек» партиялық жобасы серпінді дамып келеді. Осы орайда «AMANAT»-тың Орталық аппаратында заң сарапшылары мен партияның қоғамдық қабылдауларының бірлесіп жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін екіжақты ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумға қол қойылды. Партия хатшысы Дәулет Кәрібектің айтуынша, жоба қазақстандықтарға тегін кәсіби құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. Айта кетейік, жыл соңына дейін жоба аталған ұйымдардың заң консультанттарымен бірлесіп 1000-нан астам қабылдау өткізіп, оның ішінде жергілікті жерде азаматтарға заңгерлік көмек көрсету үшін 350-ге жуық шалғайдағы ауылдық елдімекенді қамту жоспарланып отыр.

Дәулет КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Осы жобаның аясында мыңнан аса қабылдаулар өткіземіз. Оның 350 ге жуығы ауылдық елдімекендерді қамтитын болады. Бұған қоса біз жүйелі түрде біздің облыстық филиалдың ғимараттарында заңгерлердің, нотариустардың адвокаттардың аптасына екі рет тұрақты түрде қабылдауы жөн. Осындай жобалар арқылы ғана біз әділетті қоғамды қалыптастыруды және еліміздегі заңның үстемдігін қамтамасыз ететін боламыз.