Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

FIFA 2026 жылғы әлем чемпионатының логотипін таныстырды

AstanaTV
18.05.2023ж. 15:47
829
FIFA 2026 жылғы әлем чемпионатының логотипін таныстырды

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (FIFA) 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін әлем чемпионатының ресми логотипін жариялады.

Логотипте әлем чемпионатының кубогы әртүрлі түстерде 26 санының бірнеше рет қайталануынан құралған өрнекте бейнеленген. Танымбелгі Лос-Анджелестегі (АҚШ) ресми шарада таныстырылды.

Мундиальдың басты кубогы жарыс логотипінде алғаш рет таңбаланды. Доп додасы «We are 26» слоганымен өтеді.

Ұйымның ресми сайты хабарлағандай, алдағы уақытта жарыс өтетін 16 қаланың жеке логотиптері де таныстырылатын болады.

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты үш елде өтеді. Бұған дейін негізгі кезеңде 32 құрама қатысса, мұнда алғаш рет 48 ұлттық құрама бақ сынайды.