Солтүстік Қазақстан облысында шұңқыр судан 8-сынып оқушысы өлі табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
19 мамырда СҚО Жамбыл ауданының полиция бөліміне Жаңажол ауылының тұрғынынан 14 жастағы жиені таңертең үйден белгісіз бағытта кетіп қалғаны туралы телефон арқылы хабарлама түсті.
ПБ қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, педагогтер және жергілікті тұрғындар жиналып, іздеу топтары ұйымдастырылды. Іздестіру іс-шаралары ауыл маңында автокөлікпен және атпен жүргізілді.
20 мамырда таңертең 8-сынып оқушысының денесі Жаңажол ауылынан 1,5 шақырым жердегі шұңқыр судан табылды.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объектив зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады.