Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Ақтөбеде ассенизатор көліктердің жүргізушілері екі айдан бері жалақы ала алмай жүр

22.05.2023ж. 20:00
706
Ақтөбеде ассенизатор көліктердің жүргізушілері екі айдан бері жалақы ала алмай жүр

Ақтөбеде ассенизатор көліктердің жүргізушілері екі айдан бері жалақы ала алмай жүр. Елу бір адам көктемгі су тасқыны кезінде күні-түні жұмыс істеген. Бірақ адал еңбектерінің ақысы сол күйі төленбепті. Айтуынша, қалалық әкімдіктің оларға қарызы 50 млн теңге.

Көктемгі су тасқыны кезінде осы жігіттер күн, түн демей дамылсыз жұмыс істепті. Бірақ сол еңбектерінің ақысын екі айдан бері ала алмай жүр. Бүгін олар еңбек ақысын даулап әкімдікке келді.

Данияр ЖӘРЕКЕШОВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІ:

Ақтөбенің сыртында мал базардың басында жинап айтты. Ақшаларын дайын түседі деп, дегенмен айтқан сөзде тұрмай. екі фирма бір-бірімен келісімге келе алмай, ортада зардап шегіп жүрген біз боламыз.

Қазір еңбекақысын елу бір адам ала алмай отыр. Әр қайсысы үш жүз мыңнан бастап жеті жүз мың теңгеге дейін ақы төленуі тиіс. Жалпы сомма елу млнға жетіп жығылады.

Әділ АМАНДЫҚ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІ:

Семьямыз бала-шағамыз бар. Техникамыз сынып тұр. Соны жасататын да ақшамыз жоқ.

Жиналғандар әкімдікке алдандық дейді. Өйткені бұлар қызмет ететін мекеме әуелі тендерді ұтып алған. Бірақ артынша шенділер тексеріс ұйымдастырып, құжаттардан олқылық тауыпты. Ақыры, бәселекес компания тендерді ұтып кеткен.

Валерий МАКСАКОВ, «ДЕЗИНФЕКЦИЯ» АҚ ӨКІЛІ:

Ақыры біз тендерді ала алмай қалдық. Бірақ су тасқыны кезінде наурыздың 19 дейін жұмыс істедік. Сол ақшамызды әлі ала алмай отырмыз. ЖКХ бізге нақты сомманы айтпай отыр. Біздің есебімізше 50 млн теңге берешек. Мен бүкіл құжаттарды толықтай тапсырдым.

Ал әкімдіктегілердің өз уәжі бар. Олар тендерді ұтып алған мекемеге қаражатты толық аударған. Келісім бойынша ол мекеме бұларға төлеуі тиіс еді. Бірақ қажетті құжаттар тапсырылмағандықтан, ақысы төленбей отыр дейді.

Жомарт БАҚЫТКЕЛДІ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл жігіттің барлық құжаттарын уақтылы әр сағаттың әр аумақта жұмыс істегені туралы толығымен көрсету керек бізге. Себебі бұл төлемдер бойынша бюджеттік қаражат болғандықтан біздер барлығын уақытын, атқарылған аумақтарды тексеру жүргіземіз. Соны жүргізу үшін бізге толыққанды ақпарат болмағандықтан осындай сұрақ туыңдап тұр.

Көлік жүргізушілер қалалық прокуратураға да шағымданған.