Ресейдің Алтай өлкесінен басталған өрт Қазақстанға жетті. Абай облысындағы «Семей Орманы» табиғи орман резерваты аумағында 1100 гектар аумақ отқа оранды. Өртті сөндіруге 250 адам мен 100-ге жуық техника атсалысты. Арнайы тікұшақтар жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тілсіз жауды ауыздықтауға қатты соққан жел кедергі келтіруде. Жақын маңдағы ауылдарға қауіп жоқ, - дейді құтқарушылар.
Мақсат ЕЛЕМЕСОВ, ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Қатты жел өртті толық сөндіруге кедергі келтіріп тұр. Абай облысының ТЖД, "Семей-орман" көршілес филиалдарынан, сондай-ақ ШҚО-нан қосымша қаражат сұралды. Оттың таралуы тоқтатылды, қазір ошақтарды сөндіру жұмыстары жүргізілуде".
Ресейдің Алтай өлкесінен басталған өрт Қазақстанға жетті