Италияда жағдай әлі мәз емес. 36 мың адам өз үйлеріне орала алмай жүр. Жаңбыр саябырсығанымен, алапат су тартылған жоқ. 500-ден астам жол жабық. Әлемге аты әйгілі «Эмилия-Романья» жеміс алқабы қатты зардап шекті.
Жеміс десе жұртшылық Италияның «Эмилия-Романья» бағын жасыра айтады. Тіл үйретін дәміне тамсанады. Төрткүл дүниені таңғалдыратын бақтың қазіргі жағдайы адам шошырлық. Жойқын су тасқыны фермерлердің біраз жылғы еңбегін күл-талқан етті. Толассыз аққан тасқын су жеміс ағаштарының тамырын өлтірді. Бақташылардың есебінше 15 млн-ға жуық өсімдік пен ағаш енді өнім бермейді.
Патрисия КАВАССИ, ШАРУА:
Шығындарды есептеу қиын. Биыл да, алдағы бірнеше жылда да егін болмайды. Барлық киви екпелері өлді. Өрік ағаштары әлі тірі деп үміттенемін. Бірақ су әлі кеткен жоқ.
Аннализы КАВАССИ, ШАРУА:
Өзен құрғап, ұзақ уақыт бойы тазаланбаған. Ол қоқысқа толы болды. Өзен арнасы бітеліп қалса, су біркелкі ағып кете алмайтынын бәріміз білеміз. Менің пікірімше, егер өзен бітелмесе, мұндай үлкен шығын болмас еді деп ойлаймын.
Бақташылардан бөлек тұрғындар да қатты зардап шеккен. Көбі басқа қалалар мен аудандарға көшуге мәжбүр. 36 мың адам өз үйіне орала алмай жүр.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Мен мұнда қаңтар айынан бері тұрамын, жаңбыр жауған бәрі су астында қалады. Өйткені тасқынның алдын алу шаралары жасалмаған.
- Барлығы жойылды, мен бәрін жоғалттым. Ештеңе қалмады. Мен заттарды жинап, басқа үйді жалға алуға мәжбүрмін.
- Біз көмекке үміт артамыз, бірақ бұл бізге көмектеседі ме, жоқ па, бізге қайта туылу керек керек секілді.
Су тасқынынан келген шығын нақты есептелген жоқ. Мамандар Эмилия-Романья бағында өріктердің 20 проценттен астамы, шабдалының 10 пайыздан астамы қайта өнім беруге жарамды дейді.