Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Арал теңізінде балық жаппай қырылуы мүмкін

24.05.2023ж. 20:00
962
Арал теңізінде балық жаппай қырылуы мүмкін

Арал теңізінде балық жаппай қырылуы мүмкін. Өйткені теңіз тартылып, судың тұздылығы артып жатыр. 3 мыңға жуық балықшы нәпақасынан айырылып, 9 балық өңдеу зауыты мен 14 шағын цехтің жұмысы тоқтап қалу қаупі бар. Бұл туралы депутат Мархабат Жайымбетов айтты. Мәжілісмен мұның барлығы экологиялық апатқа алып келеді дейді.

Мархабат ЖАЙЫМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Теңізге жыл сайын кемінде 3 млрд текше метр су түсуі қажет. Алайда, теңізге судың түсуі, әсіресе вегетациялық кезеңде қалдық принципі бойынша жүзеге асырылып келеді. Осыған орай, «AMANAT» партиясы Аралды алаңдататын барлық мәселелер бойынша толық шешімін табу үшін келесі іс-шаралар іске асырылу қажет деп санайды.