$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбенің Ырғыз ауданы Жаныс би және Шеңбертал ауылында ауыз су мәселесі шешілді

26.05.2023ж. 20:00
2659
Ақтөбенің Ырғыз ауданы Жаныс би және Шеңбертал ауылында ауыз су мәселесі шешілді

Ақтөбенің Ырғыз ауданы Жаныс би және Шеңбертал ауылдарында ауыз су мәселесі шешілді. Елдімекендерге су беріліп, тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Біз бұл мәселені бұған дейін көтергенбіз. Мәселені «AMANAT» партиясы өз бақылауына алған. Міне, бұл сол жұмыстардың нәтижесі.

Гүлзат Баймұқашева - көпбалалы ана. Осы күнге дейін ауыз судың азабын тарткан ол, ауылға таза су келгенде шын қуанғандардың бірі.

Гүлзат БАЙМҰҚАШЕВА, ЖАНЫС БИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ағып тұр. Тұщы суымыз ауыз суымыз. Алла риза болсын! Газымыз, суымыз светіміз бар. Аллаға шүкір.

Ырғыз ауданының Жаныс би мен Шеңбертал ауылында 1300 ге жуық халық тұрады. Үйде сарылдап су ағып тұрғанына сене алар емес.

Нұртілек СҮЙЕУ, ЖАНЫС БИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Кеше комиссия келіп қабылдады. Бүгін су берілді. Барлық үйде су ағып тұр осы таңда. Ауыз су әрине керек.

Жолан ӘБЕНОВ, ЖАНЫС БИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Аманат партиясына рахмет айтамын. Осының бәрі солардың арқасында келіп тұр. Суымыз енді осыдан былай қарай жүре берсе жақсы болар еді.

Қос ауылдың судан тарыққанына біраз болған. Екі жыл бұрын тартылған су құбырларының рахатын халық тек бір жыл көрген. Ал Шеңберталда су тек үш ай ғана ағып, кейін тіпті тоқтап қалыпты. Мердігер мекеме жарыққа қарыз боп қалған. Жоба аяқсыз қалған.

Аслан ЖӘНІБЕКҰЛЫ, ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Жаныс би, Шеңберталдың ауыз суы бойынша Астанада генподрядщик, комитеттен адам келді.Облыстан Казводхоз, аудан әкімі, «Аманат»партиясының өкілдері болды. Көлсайдың гендиректоры келіп планмероприятии жасады. Жетіспейтін жұмыстары анықталып акт жасалды. Бір ай екі ай көлемінде аталған жұмыстар толығымен шешілетін болды.

Мамыр айының басында екі ауылға «AMANAT» партиясының партиялық бақылау комитетінен арнайы тексеріс келіп, жобаны жүзеге асыру барысында жіберілген олқылықтар анықталды. Нәтиже көп күттірген жоқ.

Айжан ЫСҚАҚОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Су берілді, бірақ тестовый режимде күніне түске дейін 1-2 сағат, түстен кейін 1-2 сағат беріліп отыр. Өйткені, біз білеміз бұл проблемный объект болғаннан кейін бұл бір күнде шешілмейтін нәрсе. Келесі этап ол жаңағы объектіні дұрыстап балансқа беру, және әкімшілік толық өзінің иесі болып, сол жерде қалған жұмыстарын іске асырады. Халыққа су беріліп тұрады.

Енді мердігер мекеме олқылықтарды жойып, жағдайды реттегеннен кейін нысан жергілікті биліктің балансына өтеді.