Қарағандыда автобус жүргізушісінің кесірінен 4 адам жарақаттанды. Біреуінің жағдайы ауыр. «Ютонг» автобусының жүргізушісі жылдамдық ережесін сақтамай алдында тұрған «Мерседес» маркалы жолаушы маршрутын соққан. Салдарынан соққының күшімен алға сырғыған екінші көлік жүргінші жолынан өтіп бара жатқан жаяу адамды басып кетті. Жапа шегушінің кеуде мүшелері зақымданып, бірнеше жарақат алды. Қазір науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Ал екі жүргізуші мен автобустың тағы бір жолаушысы жеңіл жараланған.
Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Ютонг автобусының 54 жастағы жүргізушісі алдын ала болжам бойынша жол қауіпсіздік ережесін және жылдамдықты сақтамай жаяу жүргіншіні өткізіп тұрған 51 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Мерседес» қоғамдық көлігінің артынан соққан. Салдарынан мерседес қоғамдық көлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.