Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

"Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықтың қайталануына жол бермеу – парыз", - Президент

31.05.2023ж. 20:00
824
"Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықтың қайталануына жол бермеу – парыз", - Президент

Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған орай ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды. Онда: «Біз бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді. Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе» деп жазды ол өзінің твиттердегі парақшасында. Президенттің пікірінше, азалы күндерден сабақ алып, мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз. Біз ауыр сынаққа төтеп берген, ұлт бірлігін сақтап қалған және асыл қасиеттерін жоғалтпаған ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет.