Айқын Төлепберген бүгінде актриса ретінде танылған жұбайы Жұлдыз Өмірғалидің продюсері атанды. Ол фильм барысында нендей нәрселерге рұқсат жоқ екенін айтты, деп хабарлайды kaz.nur.kz.
"Үйленгелі бері мен ол қыздың продюсерімін. Қандай киноға түседі, бағасы қанша, бәрін мен сөйлесемін. Мен қаламайтын жоба болуы мүмкін. Егер біреудің қызын ойнаса да, құшақтасуға болмайды. Үнді фильміндегідей махаббатты ойнау керек. Қанша дегенмен, ол актрисадан бұрын менің әйелім. Бұл атақты бәрінен жоғары санаймын", - деді әнші.
Сондай-ақ Айқын биыл сахнада жүргенінен 20 жыл толуына орай көптеген іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.
"20 жыл сахнада жүрмін ғой. Үйреніп қалдым. Шығарып жатқан әндерім жастарға да, үлкен буынға да ұнайды деген сөз. Бұл менің көңілімді қуантады. Биыл бір концерт бергім келеді. Тағы бір нәрсе істегім кеп отыр, әзірге айтпай-ақ қояйын", - деді Айқын Төлепберген.
Айта кетелік, бұған дейін Жұлдыз Өмірғали күйеуі Айқынды өзінің продюсері екенін айтып, ақша мәселесін сол шешетінін мәлімдеген еді.