Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Даяшы... Тілшіміз даяшы болып көрді

AstanaTV
08.10.2016ж. 20:00
8114
Даяшы... Тілшіміз даяшы болып көрді

«Солардың жұмысы рахат немесе солар не істейді өзі?» деген әңгімелер айтылады. Түрлі кәсіпке орай.Ал оқитын жастардың арасында даяшы болып істейтіндер көп. Күнделікті шығындарын жабудың бір жолы. Жұмыс берушімен еңбек қатынастары ресми түрде бекітілмегендіктен зейнетақы қорына ақша аударуыңыз не, кейде тіпті жалақысын ала алмай қалады. Олардың көбінде шайлық, шайпұл алғысы келіп тұратындары содан. Америкада 1995 жылы Джон Стил есімді адам Трейси Далтон есімді даяшыға шайпұлдың орнына лотерея билетін сыйлайды, бірнәрсе ұтсаң, хабарлайсың деген шартпен. Трейси 184 700 доллар ұтып алып, клиентіне жартысын бөліп береді. Ал америкалық шоу бизнес «жұлдызы» Пэрис Хилтон түнгі клубқа кеш үшін 230 мың доллар төлеп, 47 мың доллар шайпұл қалдырған. Айгүл Әдепбай даяшы болып істеп көрді. Ешкім шайпұл бермепті.

 Айгүл Әдепбай жаңа мамандық игеріп көрмек. Дәл қазір мен даяшы болып қызмет атқарамын. Оңай ма, қиын ба, сәлден соң айтамын.

Даяшы болу бір қарағанда оңай жұмыс сияқты. Алдын ала хабарласып, жұмыс сұрадым. Келісті. Бұл жерде даяшының сырт келбетіне, мінез-құлқына қатты мән береді екен. Алдымен өздерінің киімдерін кигізді. Менің атымды да жазып берді.

 Одан соң қонақтарды қалай қарсы алу керектігін түсіндіреді. Бастысы, сыпайылық танытып, сызылып, күле берсеңіз болды. Алдыңыздағы қонақтың мінезіне дейін біліп алу керексіз. Психологияның қыр-сырынсыз болмайды. Немесе, табиғатыңызда көріпкелдік қасиетіңіз болса, дереу ояту керек. Ары қарай мәзірмен танысасыз. Бірінші қиындық осы тұста. Мәзірде қандай тағам барын, олардың артықшылығы неде екенін даяшы жатқа соғу керек.

 Мен мынаның бәрін қалай есте сақтаймын.

Сәлеметсіздер, не ішесіздер, міне мәзір.

Тек содан кейін ғана қонақтарға жібереді сізді. Мен шынымен қобалжыдым. Өйткені олармен тілдесетін аз уақыттың ішінде, мінезін танып үлгерем бе, әлде тапсырысын жазу керек пе деп абыржисың.

Мына графин өте ауыр екен. Шын айтамын, әзер көтеріп тұрмын.

 Даяшы тек тапсырысты қабылдайды. Қалғанын көмекшілер қатырады екен. Лимонның өзін бармен кесіп, шәугім шайды да даярлап қолыңа ұстатады. Мен тек шәшкелерді құлатып алып, ыдысты сындырып алмасам болды деп алаңдаумен болдым. Өйткені қолыма ұстағанның бәрі ауыр болып көрінді.

 Ас болсын!

Алуан мінезді адамдар. Ал даяшы олармен қысқа уақыт қана тілдеседі. Шынында олардың қонақтың мінез-құлқын қалай танып үлгеретіні мен үшін жұмбақ болып қалды. Мұндағы даяшылардың айтуынша, қыңыр адамдар да кездесіп тұрады екен. Дегенмен менің жолым болды.

 Даяшы бір отырмайды. Зыр қағып жүгіріп жүру керек. Бірақ мен шаршай бастадым біраздан соң.

 Шаршадым. Отыра тұрсам бола ма, ешкім көрмей тұрғанда. Түсіре бермеші мені.

Дыбыстық қыстырма: Ар жақта асхана. Біздің тапсырыс әлі дайын емес. Дайын болғанда осы жерден қоңырау соға қояды.

Міне, менің жұмыс уақытым аяқталды. Түскі ас мезгілінде адал маңдай теріммен тапқан еңбекақымды қазір маған төлейді. Бұл жерде даяшылар айдың соңында айлық алады екен. Бірақ маған бір күн қызмет көрсеткенім үшін қолма-қол ақша төлеуге келісті.

-Пожалуйста, ваши честно заработанные деньги. Было приятно с вами поработать!

-Рахмет. Менің адал тапқан ақшам!

-Міне, осымен менің даяшылық қызметім аяқталды. Келесі аптада жаңа мамандықты игереміз.