Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Лионель Месси АҚШ-тың «Интер Майами» клубына ауысты

AstanaTV
08.06.2023ж. 12:41
963
Лионель Месси АҚШ-тың «Интер Майами» клубына ауысты

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси АҚШ-тың «Интер Майами» клубында ойын көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде спортшы «Mundo Deportivo» сайтына берген сұхбатында ресми түрде мәлімдеді.

Арнайы мәлімдемесінде «Барселона» және «Пари Сен-Жермен» клубтарының бұрынғы ойыншысы жаңа командаға ауысқанын растады.

«Мен «Барселона» командасына оралмаймын, мен «Интер Майами» командасы қатарына қосыламын. Енді реттейтін бірнеше жұмыс бар. Бұл сауал 100 пайыз толықтай шешілді деп санаймын», - деді ол.

Еске салсақ, жақында Месси Францияның «Пари Сен-Жермен» клубынан кеткенін мәлімдеген болатын. Аргентина құрамасының 35-жастағы шабуылшысы аталған клубтан еркін агент ретінде кетті. Командада 2021 жылғы жаздан бері ойын көрсетті.

Месси «Интер Майами» клубынан бұрын «Бсрселона» мен Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» командаларының ұсынысын қабылдаған жоқ. Сауд Арабиясының клубы оған екі жылға 1,2 миллиард еуро еңбекақы ұсынған болатын.

Өткен маусымда аргентиналық шабуылшы «Пари Сен-Жермен» сапында 41 ойында 21 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді.