Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғындары гастрономиялық туризмді дамытып жатыр

AstanaTV
07.10.2016ж. 20:00
3145
Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғындары гастрономиялық туризмді дамытып жатыр

Шығыс Қазақстандағы Поперечное ауылының тұрғындары туристерге ежелгі рецепт бойынша дайындалған тағамдар ұсынып жатыр. Орманда орналасқан елді мекен тұрғындары ежелгі салт-дəстүрді жандандырып отыр. Қаланың қарбаласынан əбден шаршаған адамдар ауылдың дəмді тағамдарынан ауыз тию мүмкіндігіне ие болады. Тынығуға келген туристерді ауыл халқы нан, тұз жəне көңілді əндермен қарсы алады. Тұрғындар тіпті киімдерді де мұражайдағы суреттерге қарап тіккен.

Роман Федоров - Поперечное селосының байырғы тұрғыны. Кəсіби аспаз ежелгі тағамдарға ден қойып, бірнеше жылда 200-ден астам рецепт тапқан. Алдымен жақындарына бәліш  пен тəтті тоқаш ұсынды. Мұнан соң дарын иесінің ойына гастрономиялық туризммен айналысу бастамасы келген. Тағамдар зиянды қоспасыз дайындалған. Саңырауқұлақты тұрғындар жақын маңайдағы орманнан жинаса, көкөністер бақшада өсірілген.