$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ата-аналардың жекеменшік балабақшаның жұмысына неліктен көңілі толмайды

AstanaTV
07.10.2016ж. 20:00
3063
Ата-аналардың жекеменшік балабақшаның жұмысына неліктен көңілі толмайды

Мемлекеттік балабақшаға қолы жетпеген ата-ана амалсыздан балаларын жекеменшік балабақшаға береді. Бірақ олардың көбісі «балаға дұрыс қарамайды, базасы нашар, ойыншыққа дейін өзіміз сатып аламыз, ілім-білімге үйреніп жүргені шамалы» дегенді айтады. Мұны жекеменшік балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеген, түрін көрсетпеуді сұраған маман да растап отыр.

Ата-анадан қабылдап алады да, әрі қарай жағалата отырғызып қояды, бірден оңға дейін санауды үйретеді - болды. Комиссия келеді деген кезде, үйіп басқа жақтан дайын балаларды әкеліп, солардың сабақтарын көрсетіп шығады. Тамақтары да нашар болды. Айлықты да уақытылы алмадық.

Ал Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, қызметкерлерді кешкі алтыдан кейін жұмыста «ұстамау» туралы, айтты. Өйткені түнге дейін жұмыс істейтін ата-ананың балаға қаруға, ал жастардың жеке өмірін қалыптастыруға уақыты қалмайды.

Камила Мұхамеджанова, маман, /Қарағанды/:

Біз 8,10,11-ге дейін отырамыз. Жеке өміріме өте қатты әсер етеді. 4 жыл ішінде достарыммен де кездесе алмадым. Туыстарыма да көңіл бөле алмадым. Жалақымыз да онша көп емес. 50 мың теңгеден кішкене асады. Бірақ қазіргі уақытта ол ақша, әрине, жетпейді.

Жекеменшік балабақша - түнге дейін жалғасатын жұмыс. Ертең 20.00-де «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасын көріңіздер!