$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Венесуэла электр қуатын үнемдеу үшін қосымша демалыс күнін енгізді

AstanaTV
07.04.2016ж. 20:00
1948
Венесуэла электр қуатын үнемдеу үшін қосымша демалыс күнін енгізді

Ал Венесуэла президенті Николас Мадуро электр қуатын үнемдеу үшін жұмыс аптасын қысқартты. Рейтерстің хабарлауынша, сенбі, жексенбімен қатар жұма күні де демалыс күндерінің қатарына енгізілген. Жаңа заң бір де бір өндіріс орнын айналып өтпейді. Бұл күні сауда орталықтары мен мейманханалар электр энергиясымен тек 9 сағатқа қамтамасыз етіледі.

Айта өтейік, қазір Венесуэлада қаржылық дағдарыс. Оған қоса құрғақшылық дендеп тұр. Ең ірі «Гури» су электр станциясы да жұмыс қуатын бәсеңдетті. Президент мемлекет екі ай бойы қатаң үнемдеу режимін сақтаса, өтпелі кезеңнен аман өтеді, деп сендіруде.

Еске салайық, мұнай бағасының құлдырауынан бұл ел қиын жағдайға тап болды. Халықтың наразылығы өршіп, ереуілдер жиілеген. Президент тіпті елде төтенше жағдай енгізуге мәжбүр болған еді. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА