Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Алматыда 100-ден астам мүмкіндігі шектеулі бала спорттық сайысқа қатысты

13.06.2023ж. 20:00
578
Алматыда 100-ден астам мүмкіндігі шектеулі бала спорттық сайысқа қатысты

Алматыда 100-ден астам мүмкіндігі шектеулі бала спорттық сайысқа қатысты. Шара «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өтті. Игі іске қаланың бірқатар қоғамдық қорлары да атсалысты. Әр түрлі жастағы балалар үшін жүгіру, секіру, эстафета сынды жарыстар ұйымдастырылған. Жеңіске ұмтылған жеткіншектерге ата-аналары да барынша қолдау білдіруге тырысты.

Жібек ҚАНИ, АТА-АНА:

Осындай іс-шараларға қатысып тұрамыз. Бәріне қосылып, бәріне келіп тұрамыз. Себебі, балаға ол жаңа эмоциялар ғой. Ұнайтыны – бұл жақта барлық балалар бірдей. Бұл жақта ешкім ешкімді бөліп-жармайды.

Басты мақсат – даму ерекшеліктері бар балаларға спорттық процесті қолжетімді ету, олардың денсаулығын нығайтып, дене шынықтыруын жақсартуға көмектесу. «Бұдан бөлек мұндай шаралар жаңа достармен танысып, командада жұмыс істеуді үйретеді», - дейді ұйымдастырушылар.

Бақытбек ЖҰМАБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Спортпен шұғылдану – ол бір, екіншіден бір-бірімен қатынасып, араласып, көңіл көтеріп, әрі қарай жұмыстарын жалғастыру. Марапаттауға дайынбыз, көптеген сыйлықтар, приздар алдық. Әрине, алдағы уақытта мұндай іс-шаралар болады, міндетті түрде қатысамыз, кең ауқымда өткізетін боламыз.