Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматы облысында білім бөлімінің есепшісі өзіне қол жұмсады

AstanaTV
15.06.2023ж. 16:35
1147
Алматы облысында білім бөлімінің есепшісі өзіне қол жұмсады

Алматы облысында аудандық білім бөлімінің есепшісі өзіне қол жұмсады. Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне өңірлік Полиция департаменті растады.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, әңгіме Жамбыл аудандық білім бөлімінің 43 жастағы қызметкері туралы болып отыр. Оның қайтыс болғаны туралы 7 маусымда белгілі болған.

"Аудандық полиция бөліміне 43 жастағы әйел асылып, өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түсті", - деп түсіндірді ведомство.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, деп қосты полицейлер.